9 шілде. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 10 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1960) Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Бас хатшысы – вице-президенті Тастанбек Құтжанұлы ЕСЕНТАЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Жымпиды ауданында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтын, Қазақстан-Ресей университетін және Украина ұлттық спорт және дене тәрбиесі университетін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Қарағанды қаласындағы орыс тілі және әдебиетін арнайы тереңдетіп оқыту және күшейтілген әскери-дене шынықтыру дайындығы мектеп интернатының взвод командирі болып бастады.

Сол уақыттан бері дене шынықтыру және спорт саласында түрлі лауазымдарда қызмет еткен Тастанбек Құтжанұлы 2012 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт жөніндегі комитетінің төрағасы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, 2014-2016 жылдары Мәдениет және спорт министрінің орынбасары, 2016-2017 жылдары қазақша күрес федерациясының өкілі, 2017 жылы Астана қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, 2018-2020 жылдары Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы қызметін атқарған. 2021 жылдан бері – ҚР Білім және ғылым Министрлігі дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы. 2021-2023 жылдары «Астана» ФК Бас директоры болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.

60 жыл бұрын (1964) ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Мұсатайұлы СЕЙТІМОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. ҚазМУ заң факультетін, Ресей Федерациясының СІМ Дипломатиялық академиясының «Халықаралық қатынастар» факультетін бітірген.

КСРО Қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс атқарған. ҚР СІМ жүйесінде 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. 1994-1996 жылдары ҚР СІМ Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінде маман, 1997-2000 жылдары ҚР ГФР Елшілігінің бөлімшесінде үшінші хатшы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы, бөлім бастығы, 2000-2004 жылдары ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулы, ҚР Ганновер қаласындағы консулдығының консулы, 2004-2007 жылдары ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент директорының орынбасары лауазымын атқарған. 2007-2010 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, 2010-2013 жылдары ҚР Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2013-2016 жылдары ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы, 2016-2019 жылдары Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, 2019-2024 жылдары ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Қазіргі лауазымын 2024 жылғы наурыздан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен, «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008), «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1981)Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы ШАРЛАПАЕВ дүниеге келді.

Ресей Федерациясында туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының Петрокоммерц банкінің Клиенттерді басқару басқармасының менеджері болып бастаған. 2006-2008 жылдары «Сити» инвестициялық банкінің Лондон (Ұлыбритания), Прага қалаларындағы (Чехия) Қаржы департаментінде маман болып жұмыс істеген. 2008-2014 жылдары «Сити» инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті болған. 2014-2015 жылдары Ұлыбританияның «Сити» инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымын атқарған. 2015-2017 жылдары Қазақстанның Ситибанкінде бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті, 2017-2020 жылдары Ресей Федерациясының «Сити» инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып жұмыс істеген. 2020 жылы «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымын атқарды. 2022 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2023 жылдың 4 кыркүйегінен бастап.