9 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі (БҰҰ ҚК) 9 тамыз күні бас қосып, Израиль үкіметінің Газа қаласына басып кіру шешімін талқылайды, деп хабарлайды Анадолы.
«Анадолы» агенттігі тілшісіне дипломатиялық көздерден жеткен ақпарат бойынша, мәжіліс өткізу туралы сұраныс АҚШ пен Панаманы есептемегенде БҰҰ ҚК – нің барлық мүшелерінен түскен.
АҚШ мәжілістің өткізілуіне қарсы болды.
БҰҰ ҚК төтенше мәжілісі 9 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де басталады.
Газаны оккупациялау туралы шешім
7 тамыз күні кешкісін Израильдің қауіпсіздік кабинеті Газа секторының солтүстігіндегі Газа қаласын оккупациялау туралы жоспарды мақұлдады.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху министрлер кабинетінің мәжілісі алдында Fox News-ке берген сұхбатында өздерінің мақсаты Газаны бақылауға алу екенін айтты.
Осыған дейін Израильдің Газа қаласын оккупациялау туралы жоспары мақұлданғаны туралы жаздық.