9 тамыз ауа райы болжамы: Республиканың басым аумағы жауын-шашынсыз, ал шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпіндете жел соғады
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағына антициклон таралып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ал республиканың шығыс бөлігінде ауа ағындарының жүруіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпіндете жел соғады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяу тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.