9 тамызда республиканың көптеген бөлігінде күн қатты ысиды, жауын-шашынсыз ауа райы болады

Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана фронтальдық бөліктердің өтуімен кейбір жерлерде өткінші жаңбырлар жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда, Атырау облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде күндіз күн қатты ысиды.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.