9 жасар бала үш інісін өрттен құтқарды

БІШКЕК. Кabar -ҚазАқпарат – Бішкекте №49 орта мектептің 3 «К» сыныбының оқушысы 9 жастағы Нұрмұхамед Жұмабековке ТЖМБ басшылығы жанып жатқан үйден адамдардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Құрмет грамотасын» салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кabar агенттігіне сілтеме жасап.

9 жасар бала үш інісін өрттен құтқарды

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрмұхамед үйінде болған өрт кезінде өзінің інілері - 2014 жылы туған Н.Б. Жұмабековты, 2016 жылы туған А.Б.Жұмабековты және 2018 жылы туған Н.Б. Болотбековты құтқарған.

Еске сала кетейік, осы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 13:44 шамасында Первомай ауданының Месарош көшесіндегі №85-үйде өрт шыққан болатын. Өрт салдарынан аумағы 90 шаршы метр уақытша баспана жанған. Өрттің шығу себебі нақтылануда.

Өрт орнында №6 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің бір өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеді.