9 жасар қазақстандық қыз «Балалар Жаңа Толқыны» халықаралық байқауында көрермен көзайымы сыйлығына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 жасар қазақстандық Данэлия Түлешова 11-13 тамыз күндері «Артек» ХБО-да өткен «Балалар Жаңа Толқыны» халықаралық байқауында көрермен көзайымы сыйлығына ие болды, деп хабарлады байқаудың баспасөз қызметіне сілтемемен РИА Новости.
None
None

Бұл аталымның жеңімпазы концерт залында өткен дауыс беру нәтижесінде, сондай-ақ байқаудың web-сайтында интерактивті режимде берілген дауыстарды есепке алу арқылы белгілі болды.

«Балалар Жаңа Толқыны» халықаралық байқауында бірінші орынды Мальтаның кішкентай өкілі, 12 жасар Гайя Каучи иеленген. Екінші орынды болгариялық 11 жасар Крисия Тодорова мен ресейлік «Дикие гитары» дуэті өзара бөлісті. Бұл дуэттің құрамында тоғыз жасар Олек Сериков пен алты жасар Гена Перевердиев бар. Қазылар алқасы үшінші орынды Арменияның жас таланты Мэри Кочарянға берді.

Байқау жүлдегерлеріне сыйлықтарды Игорь Крутойдың төрағалығымен фестивальдің қазылар алқасының мүшелері мен «Артек» ХБО-ның бас директоры Алексей Каспржак табыстады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақтық гала-концертінде көрермендердің алдында Ресей эстрадасының жұлдыздары Филипп Киркоров, Александр Рыбак, Жасмин, Влад Соколовский, Сергей Лазарев өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар