09:22, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
9 жасар қыз абайсызда нұсқаушысын атып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Аризона штатында 9 жасар қыз абайсызда нұсқаушыны атып алды. Нұсқаушы қызға автоматты қаруды пайдалануды үйретіп жатқан болатын.

Қыз "Узи" пистолет-пулеметін қолға алып, нысанаға оқ жаудыра бастаған. Алайда бірінші оқты атқаннан соң-ақ қаруға ие бола алмай, келесі оқтар нұсқаушыға дарыған.
39 жастағы Чарльз Вакка тікұшақпен дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда басындағы жарақатының салдарынан қаза тапты.
Атыс алаңына қызды ата-анасы әкелген. Олар болған жағдайға куә болған.
Америка штаттарының көбінде балаларды кішкентай кезінен қаруды пайдалануға үйретеді. Алайда қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуы мұндай оқиғалардың болуына жол бермейді.