9 жасар қыздың зорланғаны үшін аурухананың бас дәрігері жазаға тартылады

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннің нұсқауы бойынша Ставрополь өлкесінің тергеу басқармасы Буденновск қаласы №1 медициналық жәрдемнің өлкелік мамандандырылған орталығының бас дәрігері Сергей Усовқа қатысты РФ ҚК 293-бабы қарастыратын қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады,
None
None

деп хабарлайды РБК.

Тергеу мәліметтері бойынша, медицина мекемесінің бас дәрігері тиісті деңгейде күзет қызметімен қамтамасыз етпегендіктен, 2011 жылғы 20 сәуірде ауруханаға 23 жасар жергілікті тұрғын еркін кіріп, 9 жасар науқас қызды зорлаған. Қылмыстық істі қозғау барысында жас жеткіншек қызға қарсы осынша жексұрын қылмысқа баруға тағы кімдердің әрекеті немесе әрекетсіздігі ықпал еткенін тергеу анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар