9 жыл бұрын ұшырылған NASA кемесі 14 шілдеде Плутонға жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық NASA ғарыш агенттігінің New Horizons ғарыш аппараты 14 шілдеде Плутон ғаламшарының жанынан ұшып өтеді.
Бұл туралы rosbalt.ru жазады.
New Horizons 2006 жылғы қаңтарда ұшырылған. Бір жылдан кейін ол Жерге ғаламшардың атмосферасы мен магнитті аясы туралы құнды ақпараттар жолдап, 2,3 миллион шақырым қашықтықта Юпитер ғаламшарының жанынан өткен.
2015 жылғы қаңтарда New Horizons Плутонға сапарын жалғастырған болатын. NASA ғалымдарының есебі бойынша бұрын-соңды ұшырылған ғарыш аппараттарының ішінде ең жылдамы ретінде тарихқа кірген бұл кеме 14 шілдеде небары 12,5 мың шақырым қашықтықта Плутон ғаламшарына жақын жерде аялдайды.