02:43, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
9 жыл бұрын ұшырылған NASA кемесі Плутонға жақындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA мамандары тоғыз жыл бұрын ұшырылған ғарыш кемесі Плутонға дейін ұшып барғанын мәлімдеді.
New Horizons атауын алған ғарыш кемесін 2006 жылы NASA қызметкерлері ұшырған. Ол Юпитер мен Сатурн ғаламшарларымен қатарласып ұшқан. Олардың орбитасынан бөлектенген кезде кеменің жылдамдығы арта түскен.
New Horizons ғарыш кемесін ұшырудың мақсаты - Плутон атмосферасындағы жыныстар мен олардың құрамын зерделеу, сондай-ақ Плутон бетінің картасын жасау болатын. Осы аптада мамандар шағын ғаламшар бетінің алғашқы суреттерін түсіріп, жариялауды жоспарлауда, - деп хабарлады Mignews порталы.