90 көлік «Қазығұрт» кеден бекетінде кідіруге мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанға өтуге келген 90 автокөлік құралдары «Қазығұрт» кеден бекетінде кезек күтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат . ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«12 наурызда шамамен сағат 10.00-де Түркістан облысы бойынша МКД-нің «Қазығұрт» кеден бекетінде, тауарларды экспорттау кезінде олардың кетуін растау бөлігінде «АСТАНА-1» АЖ ішінара жұмыс жасаған жоқ. Модулдің жұмыс жасамауына байланыс желісінің тұрақты іске қосылмауы себеп болды.
Осыған байланысты, 12.03.2019 жылғы сағат 18.00-де өткізу пунктінің алдында 180 автокөлік құралдары топталып қалды.
Сағат 18.30-ден бастап ақпараттық жүйе штаттық режімде жұмыс істей бастады.
Кептелісті азайту үшін өткізу пунктінде қосымша қызметкерлер көмекке келді және шығу бағытында автокөлік құралдарынан 167-ден астамы рәсімделді. Тасымалдаушылармен консультативтік жұмыстар жүргізілді және басқа да кептелісі жоқ өткізу пункттерінен өтуге жіберу жүзеге асырылды.
13.03.2019 жылғы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Өзбекстанға өтуге келген автокөліктерді ескере отырып, 90 автокөлік құралдары кезек күтуде.
Кезектерді болдырмау мақсатында 2018 жылғы қарашадан күн сайын сағат 9.00-ден бастап және сағат 21.00-де тасымалдау бағытын таңдау үшін өткізу пункттері алдында тұрған көлік құралдарының саны туралы ақпараттар Түркістан облысы бойынша МКД-нің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Түркістан облысының әкімшілігі бірлесіп тасымалдаушыларға ыңғайлы болуы үшін осыған ұқсас кептелістер туындаған кезде өткізу пункттеріне жақын тұрақтар ұйымдастыру және жайластыру мәселесі пысықталуда.