04:16, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
90 мың ауыл тұрғыны жеке кәсібін ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аясында 90 мың ауыл тұрғыны өз бизнесін ашты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz

«Қор ұсынған несие қаржысына 85 мың адам жұмыспен қамтылды, ағымдағы жылы 8,5 мың адам жұмысқа орналасты», - деді ол. Осыған орай, Н. Сарыбаев 2013 жылы елдегі несиелендіру бойынша қордың үлесі 30 пайызға жеткенін айтты. «Біздің компания ауыл тұрңындарына несие ұсынатын негізгі мекеме болып есептеледі. Өткен жылы қордың несиелендіру үлесі ел бойынша 32,6 пайызды құрады», - деді Н. Сарыбаев.