90 жасқа толған Фидель Кастро жұртшылық алдына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел көзіне көп түспейтін Кубаның бұрынғы көшбасшысы Фидель Кастро жұртшылық алдына шығып, өзінің 90 жасқа толған туған күнін тойлауға қатысты, деп хабарлады ТАСС.
Мерейтой шаралары гаваналық Карл Маркс театрында өтті, оған Фидель Кастро өзінің інісі және қазіргі Куба президенті Раульмен және олардың досы, Венесуэла көшбасшысы Николас Мадуромен бірге келді.
Салтанатты шара барысында команданте өз креслосынан тұрған жоқ және ауырып отырғандай көрінді.
Театр сахнасындағы көріністер Фидель Кастро өміріндегі және Куба револциясындағы маңызды сәттерге арналды.
Атаулы мереке Гавана көшелерінде туған күн иесінсіз жалғасын тауып, түнгі он екіде отшашумен аяқталды.
Бұған дейін Фидель Кастро биылғы сәуір айында көпшілікке көрінген еді.
2008 жылы ол денсаулығының сыр беруіне байланысты демалысқа шығып, ел басқаруды өз інісіне табыстап кетті.