02:32, 07 Маусым 2014 | GMT +5
90 жастағы ардагер-десантшылар парашютпен секірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Нормандия аймағының жағалауында 90 жастағы соғыс ардагерлері парашютпен секірді. Осылайша қарт десанттар 70 жыл бұрынғы ерліктерін қайталады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл жолғы айырмашылық - ардагерлер табандарын жерге бейбіт жағдайда тіреп, оларды жас парашютшілер құрметпен қарсы алды. Францияның бұл аймағында қазір 1944 жылы Нормандияға одақтас елдер десантшыларының көктен секіріп түсуіне байланысты салтанатты шаралар өтуде. Осы тарихи әскери операцияның негізінде Батыс майданы ашылып, Францияны азат ету мен фашистерді түбегейлі жеңуге себепші болған болатын.