90 жастағы боксшы халықаралық турнирдің видео-аңдатпасына түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Рафаель Вахитов VIII халықаралық турнирге атсалысуға шақыратын 13 секундтық видео жазбаға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

90 жастағы боксшы халықаралық турнирдің видео-аңдатпасына түсті

Бейне жазбада 2-6 сәуір аралығында «Автомобилист» спорт кешенінде өтетін сайыс жөнінде айтылады. Ауқымды бокс турнирі белгілі павлодарлық Рафаель Вахитовтің жүлдесі үшін өтеді. Биыл ардагер боксшы  90 жасқа келіп отыр.

Оның бапкерлік мансабы ҰОС кезінен басталған. Рафаель Вахитов майданда машинист болып жүріп полктік команданы жаттықтырған. Жыл өткеннен кейін спортшы бастаған ісін тастамай, бірнеше ағымдағы чемпиондар толқынын өсірді.

Вахитовтің жүлдесі үшін өтетін халықаралық турнирге жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерімен қоса, өзге мемлекеттерден де қатысушылар саны артуда. Бүгінгі таңда ұйымдастырушыларға 120-ға жуық өтініш келіп түскен. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Монғолия, Өзбекстан және Сербия спорт клубтары бар.

«Тіркеу әлі жалғасуда. Сондықтан қатысушылар саны кез келген уақытта күрт өсуі мүмкін. Мысалы, Өткен жылы бұл сайысқа 80-ге жуық спортшы келген», - деді «Ертіс» бокс клубының директоры Батырхан Қалықов.

Батырхан Қалықовтың айтуынша, аталмыш турнир Павлодарда 2009 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Турнир AIBA ережелеріне сәйкес өткізіледі. Рингте 18 жастан жоғары спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасады.