90 жастағы кейуана қолына мектеп бітіру туралы аттестатын алды
ВАШИНГТОН. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат – - Американың Чикаго қаласының тұрғын әйелі 90-ға келген жасында қолына орта мектепті бітіргені туралы диплом алды,
деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі. Элеанора Бенз Ұлы депрессия кезінде қиыншылыққа ұшыраған отбасына көмектесу үшін Lake View High мектебіндегі оқуын тастап кетуге мәжбүр болған. 1936 жылдан бастап еңбекке араласқан Бенз ханым бүгінде 15 баланың анасы, 54 немере мен 37 шөберенің әжесі. Әр жылдары машина басу мен бухгалтерлік есеп-қисап бойынша кешкі мектептерде оқыған кейуана, бірақ орта мектепті сол күйі аяқтай алмаған. 90 жылдығының қарсаңында Элеанора Бенз қыздарының біріне аяқталусыз қалған орта білімі өміріндегі ең үлкен күйзелістерінің бірі екенін мойындайды. Туыстары ол оқыған мектеппен байланысып, нәтижесінде кейуана 73 жылдан кейін қолына аттестат алып отыр.