90 жастағы майдангер Бауыржан Момышұлының кітаптарын қолынан тастамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ертіс ауданында тұратын 90 жастағы майдангер Бапан Құсайынов әлі күнге дейін қой бағып жүріп, газет-журналдар мен кітаптарды қолынан тастамайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 
None
None

Батыр ардагердің ұлы Асылбек Құсайыновтың айтуынша, Бапан Құсайынов 1944 жылы 17 жасында майданға аттанған.

" Әкем үш ай Алматыда танк байланысшысы мамандығын оқып, Беларусь майдан шебінде жаумен айқасқан. Соғыс жылдары үш бірдей медальмен марапатталған: «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» және «Германиядағы жеңіс үшін». Қазіргі уақытта ауылымыздағы сыйлы ақсақалдардың бірі. Үйімізге «Егемен Қазақстан», «Сарыарқа самалы» газеттері келсе, ең бірінші әкеміздің қолынан өтеді. Өзіміздің азын-аулақ қойларымыз бар еді. Әкем сол қойларды бағып, жем-шөптерін де өзі салып береді", - дейді Асылбек Құсайынов.

null

 Бүгінде қария 90 жастан асқан шағына қарамастан ауылдағы кітапхананың тұрақты оқырманы. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Мұқтар Мағауиннің «Аласапыран», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдарын  сүйіп оқиды. Ол 1926 жылы 26 желтоқсанда Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылында дүниеге келген. Соғыс аяқталған соң 1951 жылға дейін Польшада болып, аға сержант атағымен елге оралады. 1953-1957 жылдарға дейін тың игеруге қатысқан. 1985 жылы еңбек өтілі бойынша зейнеткерлікке шыққан. 1952 жылы Қараөткел ауылының тумасы Қалима Жакуповамен отау құрып, сегіз баладан 21 немере, 14 шөбере көрген. Батырдың 1960 жылы туған үлкен ұлы Өтеу Құсайынов - Ауған жауынгері. Отан үшін отқа түсіп, қан майданды бастан кешкен қарияның кеудесінде 20-дан астам медаль жарқырап тұр. Оның ішінде «Ерлігі үшін», «Германиядағы жеңіс үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдары (1945), «Кеңес әскері мен флоты үшін» (1948), «Ерен еңбегі үшін» (1970), «Маршал Г.Жуковтің медалі» (1997) сияқты марапаттар бар.

null

Соңғы жаңалықтар