900-ден астам тұтқын түрмеден қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қарулы адамдар Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Бени қаласында түрмеге шабуыл жасады, деп хабарлады Associated Press үкіметке сілтеме жасап.

900-ден астам тұтқын түрмеден қашып кетті

Шабуыл кезінде11 адам қаза тапты, олардың ішінде сегізі - күзетшілер.

900-ден астам тұтқынға түрмеден қашудың сәті түскен. Қазіргі уақытта онда тек 30 сотталушының ғана қалғаны хабарланды.