900 мыңға жуық оқушы коронавирус вакцинасын салдырған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 586 769 адам, екіншісін 9 373 847 адам салдырды.
5 қыркүйекте «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 238 886 адам, ІІ дозасын 1 199 571 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонент
- Жасөспірімдер – 874 476
- Жүкті әйелдер – 41 631
- Бала емізетін әйелдер – 145 452.
ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 859 961
- Жүкті әйелдер – 39 499
- Бала емізетін әйелдер – 142 030.