91 жастағы АҚШ тұрғыны өмір бойғы арманы - гаражды джиппен соғуды орындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иллинойс штаты Вудсток қаласының тұрғыны Уолтер Томас джиппен гараждың қоршауын қиратып, арманын орындады, деп хабарлады The Washington Post. 91 жастағы ер адам өзінің бұл ісіне аса риза.

91 жастағы АҚШ тұрғыны өмір бойғы арманы - гаражды джиппен соғуды орындады

Томас әрдайым гаражды бұзғанда қандай әсерде болатындығын білгісі келген. Қарттың отбасы бұл тілекті таныстарына айтып, ал олар орындауға көмектеспек болған. Нәтижесінде америкалыққа ескі джип тепен бұзылайын деп тұрған гараж да табылды.

Қария бұл оқиғадан жақсы әсер алғанын және армандарының бірі орындалғанын айтты.