91 жастағы жүргізуші супермаркеттің қабырғасын қирата ішке кіріп кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның оңтүстік батысындағы Саарбрюккен қаласында 91 жастағы ер адам автомобилімен супермаркеттің қабырғасын қирата ішке кіріп кеткен, деп хабарлайды Stuttgarter Zeitung.

91 жастағы жүргізуші супермаркеттің қабырғасын қирата ішке кіріп кеткен

Оқыс оқиға жайлы алдын ала белгілі болғаны - егде жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Әзірге келеңсіз жайттың себеп-салдары белгісіз.

Тек бес адамның зардап шеккені мәлім етілді.  Олардың үшеуі ауыр жағдайда, ал екеуі жеңіл жарақаттанған.