92 жастағы жүргізуші тұрақтағы 9 көлікті соғып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде 92 жастағы жүргізуші көлік тұрағынан шығатын болып, супермаркеттің алдында тұрған 9 көлікті соққаны туралы видео жария етілді. Кейін анықталғандай, зейнеткердің аяғы газ беретін педалге қыстырылып қалған, деп жазады Росбалт.

92 жастағы жүргізуші тұрақтағы 9 көлікті соғып кетті

Бейнебақылау камералары көп көліктің апатқа ұшырауын түсіріп алған, кейін полицейлер оны YouTube-ке орналастырды. Оқиға барысында ешкім зардап шекпеді. Зейнеткердің үстінен іс қозғалмады, алайда оның жүргізушілк құқығы талқыға салынады.