93 жастағы пауэрлифт спортшысы рекордқа қадам басты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Даниялық зейнеткер Свенд Стингарт 93 жасқа келсе де сүйікті спортымен - ауыр атлетикамен шұғылдануын жалғастыруда, деп хабарлады Би-би-си.
Ол спорттың бұл түріне зейнетке шыққаннан кейін құмартты және 90 жасында инфаркт алса да тоқтайтын емес.
Қазір ол әртүрлі елдердегі жарыстарға қатысып, 150 келіге дейінгі зілтемірді көтеріп жүр және ресми түрде ғаламшардағы ең қарт пауэрлифт спортшы деп саналады.