935 адам «А» корпусының кадрлық резервіне құжаттарын тапсырды - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 27 сәуіріндегі жағдай бойынша, 935 адам «А» корпусының кадрлық резервіне өз құжаттарын тапсырды.
None
None

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен мәлім етті.

Түсіп жатқан құжаттардың өңделуіне қарай агенттіктің www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында «А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлердің тізімі жарияланып отырады.

Үміткерлердің толық тізімі жақын уақытта белгілі болады.

Құжаттарды қабылдау 2013 жылдың 3 мамырына дейін жүреді. Іріктеу ережелері агенттік сайтында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар