95 жасында әлем чемпионатына қатысып, ең қарт сайысшы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Ольга Котелко (шығу тегі украиндық) бүгінде 95 жасқа толса да, спортпен белсенді түрде шұғылданады. Биылғы жылы ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысып, ең қарт көп сайысшы болып танылды.
Қазіргі кезде Ольга әжейдің еншісінде әлемдік 30 рекорд бар және ол 750-ден астам алтын медальмен марапатталған. Ол өз кезегінде бұл жетістіктерді таңқаларлық оқиға деп санамайтын көрінеді. Ольга Котелко көпбалалы қарапайым отбасында өскен. Бала кезінен ол үй шаруашылығындағы түрлі ауыр жұмыстарды атқаруды үйренген. Айта кетейік, ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын Жеңіл атлетика шеберлерінің дүниежүзілік одағы жасы 35-тен асқан адамдар арасындар ұйымдастырады, деп жазады ВВС.