96 пәтер «Назарбаев Университеті» мен «Астана Балет» театрының меншігіне беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мемлекеттік мүліктен «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға көппәтерлі тұрғын үйлердің 86 пәтері, «Астана Балет» Театры» ЖШС меншігіне 10 пәтер беріледі,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

22 қыркүйекте ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» №583 Үкімет Қаулысына қол қойды. Құжатқа сәйкес, республикалық меншіктен «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 29/1-көппәтерлі тұрғын үйдің 86 пәтері қайтарымсыз беріледі. Мұндағы бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлердің ауданы 43,9 шаршы метрден  91,2 шаршы метрге дейін жетеді.

Үкіметтің 25 қыркүйекте қол қойылған №585 «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» басқа қаулысымен Кенен Әзірбаев көшесі, 4/1 және 8-көппәтерлі тұрғын үйлердің 10 пәтері «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі» ММ балансынан «Астана Балет» Театры» ЖШС жарғы капиталына өткізіледі. Бұл пәтерлердің барлығы бір бөлмелі, олардың ауданы 33,6 шаршы метрден 43,4 шаршы метрге дейін жетеді.

Екі қаулы да қол қойылған күннен бастап күшіне енген. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум