96 жастағы әжей өзінен бес жас кіші «жігітке» тұрмысқа шықпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 96 жастағы әжей өзінің 91 жастағы ғашығының үйлену туралы ұсынысын қабыл алды. Олар үйлену тойын 2016 жылдың 16 қаңтар күні тойлауды ұйғарып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Билл Гриффитс пен Фло Маршелсей 10 жылдан бері бірге, бірақ үйлену туралы шешімді енді қабылдады. 91 жастағы күйеу жігіт қалыңдығына үйде шай ішіп отырып үйлену туралы ұсыныс жасаған.

Билл мен Флоның үйлену тойына келетін туыс-туғандары баршылық: екеуінікін қосқанда - 5 бала, 14 немере мен 7 шөбере.

96 жастағы қалыңдықтың айтуынша, үйлену тойын жасау ешқашан да кеш емес. Бақытты жұп бір-бірін 30 жылдан астам уақыт таниды екен.

Соңғы жаңалықтар