96 жастағы кейуана боулинг турнирінде жеңімпаз атанды
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат- Фумико Хино Жапонияда Қарияларды құрметтеу күніне орай дүйсенбі күні қариялар арасында өткен боулинг бәсекесінің жеңімпазы атанды,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Менің құпиям қарапайым - боулингке жиі бару және белсенді өмір сүру», - дейді 96 жастағы кейуана. Хиросима қаласында өткен жарысқа жасы 75-тен асқан 24 қария қатысты.