96 жастағы жапондық Сигэми Хирата ЖОО-ның ең қарт түлегі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дипломын қолына алған 96 жастағы жапондық Сигэми Хирата ЖОО-ның ең кәрі түлегі атанды. Бұл туралы информинг.ру жазды.
None
None

Жапондық азамат университетке түсу-түспеуі жайында өмір бойы ойланғанын айта кету керек. Ақыры 85 жасында балалары мен немерелері оны оқуға түсуге көндірді. Егде жастағы студент Киотоның дизайн университетінде 11 жыл бойы поэзияны оқып, ақыры оның түлегі атанды.

ЖОО-ы 96 жасында бітірген жапондық азамат Гиннестің рекордтар кітабына кіріп, бұрын Альфонсо Гонсалес саналған ең кәрі түлек атағын алды.

Сигэми Хирата бұл жетістігімен шектелмей, 100 жасына ғылыми дәреже  алуды жоспарлап отырғанын атап өтейік. 

Соңғы жаңалықтар