97 жастағы кейуананың басынан бөтелкемен ұрып, тонап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Пермьде қарақша 97 жастағы кейуананың басынан бөтелкемен ұрған.
Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, оқиға жуырда К. Минин көшесіндегі үйдің подъезінде орын алды.
Егде жастағы әйел пәтерінің есігін ашып жатқанда арт жағынан белгісіз біреу шабуыл жасааған. Қалт-құлт етіп зорға тұрған кейуананың басынан бөтелкемен ұрған ол алтын сырғасы мен 40 мың рублін тартып алып кетті.
Полиция бөліміне қоңырау шалынғаннан кейін, көп ұзамай тонаушы қолға түсті. Ұсталған осындай қылмыс бойынша бұрын істі болған екен.
Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады informing.ru.