Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

99 жастағы австралиялық жүзгіш әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 99 жастағы австралиялық жүзгіш ересектер арасында 50 метрлік қашықтыққа еркін әдіспен  жүзуден рекорд орнатты, деп хабарлайды Би-би-си.

99 жастағы австралиялық жүзгіш әлемдік рекорд орнатты

Джордж Коронес  Квинсленд штатында болған бәсекеде бұл қашықтықты 56,12 секундта бағындырды. Ол 100-104 жас  дәрежесіндегіер арасында бақ сынады. Өйткені сәуірде ол 100 жасқа толады.  

Атап айтқанда, Джордж Коронес  мұның алдында 2014 жылы жасалған рекордты 35 секундқа жаңартты.