А-330 ұшағы апат болған жерде табылған адамдардың денесі 50-ге жетті
БРАЗИЛИА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Іздеу отрядтары француздың маусымның 1-інде Атлант мұхитында апатқа ұшыраған Air France әуекомпаниясының А-330 ұшағының тағы бір жолаушысының денесін тапты,
деп хабарлады бірлескен баспасөз мәслихатында Бразилия Әскери-әуе күштері мен Әскери-теңіз күштерінің өкілдері. Осылайша, табылған денелердің саны 50-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Рио-де-Жанейро халықаралық әуежайынан ұшып шыққан Air France компаниясының 447-ші рейсі Парижге қонуы керек болатын. Ұшақ жерден көтерілгеннен 4 сағаттан кейін, Атлант мұхитының үстінде онымен байланыс жоғалады. Бұл апат әлемдегі соңғы 8 жылдағы және Air France компаниясының 75 жылдық тарихындағы ең үлкен апат болып отыр.Тергеу бортында 228 адам болған Air France әуекомпаниясының А330 ұшағының апат болу себебі әзірге анықталған жоқ. «Қара жәшіктерді» іздестіру шаралары жалғасуда.