А. Абдуллаев Шардара ауданының әкімі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Шардара аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шардара ауданының әкімі лауазымына Арман Айдарұлы Абдуллаев тағайындалды.

А. Абдуллаев Шардара ауданының әкімі болып тағайындалды

А. Абдуллаев 1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы - инженер-экономист.

Мемлекеттік қызметті  2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінің жиынтық талдау бөлімінің бас маманы лауазымында бастады. 2007-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2013 жылдың мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ретінде қызмет етіп келді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.