08:14, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
А.Аршавин «Арсеналда» ойнайды
ЛОНДОН. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Ресей құрамасы мен питерлік «Зениттің» шабуылдаушысы Андрей Аршавин Лондонның «Арсеналына» ауысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-си компаниясына сілтеме жасап. 27 жастағы футболшының ағылшын клубына ауысуы туралы келісім кеше, ақпанның 2-сі күні жасалған. «Зениттің» өкілі Алексей Петровтың айтуынша, шарт 3,5 жылға жасалып отыр. Оның қаржылық мәселелері қол қойылған келісімшартты премьер-лига бекіткеннен кейін жария етіледі. Бейресми мәліметтер бойынша, «Зенит» Аршавин үшін 12 миллион фунт стерлинг (13,3 миллион еуро) алады. Аршавиннің «Арсеналда» №23 болып ойнайтыны белгілі болып отыр.