А.Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі) болып тағайындалды
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
А.Айдарбаев 1963 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1980 - 1985 жж.), РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (2009 - 2010 жж.) бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлер академиясының корреспондент-мүшесі.
Мұнай-газ саласында 1972 жылдан бері қызмет істейді. Мұнай-газ өндірісі кәсіби дамуының барлық сатысынан өткен, аға геолог, одан соң «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай және газ өндіру жөніндегі технолог және шебер қызметін атқарды. Әр жылдары «Оңтүстік Мұнайгаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметте болды. «Құмкөл-Лукойл» АҚ бас директоры, «Торғай-Петролеум» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды.
«Парасат», «Құрмет», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «Құмкөл кен орнын игерудің теориясы мен тәжірибесі» атты кітаптың (1999 ж.) авторы.