Ә.Айсин WBC-тің супер-жартылай орта салмақтағы Құрлықтық Азия кеңесінің чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өткізеді

1982 жылы 23 шілдеде өмірге келген қостанайлық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2008 жылы 14 желтоқсанда туған қаласында Вадим Суфиновпен өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Осы уақытқа дейін ол 9 кездесу өткізіп оның 8-ін жеңіп (бесеуін нокаутпен), 2011 жылы 12 қаңтарда Барнауылда ұпай санымен Павел Мамонтовқа ұтылған болатын. Оның бұл жолғы қарсыласы ташкенттік М.Ражапбаев бұған дейін 7 кездесуді (төртеуін нокаутпен) өз пайдасына шешіп, 2 кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан боксшы. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2008 жылы 15 ақпанда Алматыда бастап, Владислав Савченкоға ұтылған еді. Одан кейін 2011 жылы 23 желтоқсанда Ташкентте өткізген соңғы кездесуде өз отандасы әндіжандық Бекзод Юнусовтан жеңіліс тапты.