А.Айымбетов ғарышта Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтың бағдарламаларын жалғастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғарышкер Айдын Айымбетов Жер орбитасына ұшу барысында Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарыштық ғылыми бағдарламаларын жалғастырды.
None
None

Айдын Айымбетовтің 2015 жылы 2 және 12 қыркүйек күндері өткен ғарышқа сапары барысында еліміздің бесінші ғылыми бағдарламасы өткізілгенін айта кеткен жөн. Бұл бағдарлама - Тоқтар Әубәкіров (1991 жылы) пен менің (1994, 1998 бен 2001 жылдары) "Мир" орбиталық кешеніне жасаған сапарымыздың барысында жасалған ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің жалғасы", - деп атап өтті "Қазғарыш" басшысы Талғат Мұсабаев.

Оның айтуынша, аталған бағдарламаны Қазғарыштың "Ғарыштық зерттеулер мен теxнологиялар ұлттық орталығы" АҚ жасақтап шығарған.

Т. Мұсабаевтың атап өткеніндей, Қазғарыш құрылғалы Қазақстанда жоғары теxнологиялық ғылыми сала үлкен қадам жасады.

"Заманауи ғарыш инфрақұрылымы жасалды, ғарыш теxникасының отандық үлгілері пайда болды. Қазақстан алдында үлкен міндет тұр - ғарыш инфрақұрылымын экономика салаларының мәселелерін шешуге пайдалану", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар