А.Айымбетов: Ғарыштағы бос уақытымызда Бэтмен сияқты «ұшып ойнадық»

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 2 қыркүйегінде «Байқоңыр» айлағынан «Союз ТМА-18М» кемесімен ғарышқа ұшқан экспедиция мүшелері (кеме командирі С.Волков, бортинженерлер А.Айымбетов пен А.Могенсен) халықаралық ғарыш стансасындағы жоспарлы жұмысты аяқтаған соң, балаша қуанып ойнаған екен. Бұл туралы бүгін ҚР Қарулы күштері Әуе-қорғаныс күштерінде өткен кездесу барысында жас ұшқыштардың сұрағына жауап бере отырып, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов айтып берді.
None
None

«Халықаралық ғарыш стансасындағы жұмысымыздың барлығы штаттық кестеге сай жүрді. Кейін, бос уақытымыз болғанда, жұмыстың барлығын аяқтаған соң ғажайып дүниеге таң қала, балаша қуандық. Тіпті, теңсіздікте Бэтмен сияқты ұшуды үйрендік, модульдің жан-жағын белгілеп алып, кім биіктік пен теңіздікті игере, түзу ұшып шығатынын көрдік. Ғарыш, әрине, ғажайыптарға толы», - дейді А.Айымбетов. «Бұрын ұшқан ғарышкерлер Жер - ең ғажайып жаратылыс дегенде, асыра сілтеп отырған шығар деп ойлайтынмын, - дейді ғарышкер. - Бірақ өз көзіммен көрдім ғой, борт иллюминаторынан қарағандағы Жер шарының көрінісі сөз жетпес ғажайып». Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов - тәуелсіз Қазақстан Республикасының ғарышқа ұшқан алғашқы азаматы, космосты көрген әлемдегі 545-ші ғарышкер.

Соңғы жаңалықтар