Ә.Бәйменов «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізді

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Ә.Бәйменов «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізді.
None
None

* * *

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы

2013 жылғы 19 наурыз, №06-7/356, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылғы 28 мамырдағы № 5084 тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілcін:

көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Төраға Ә. Бәйменов

Құжаттың толық мәтіні

Соңғы жаңалықтар