Ә. Бимендина білім беру саласындағы жемқорлықтың негізгі себептерін атады

Оның айтуынша, елордада білім беру мекемелерінің саны жыл санап өсіп келеді. Ал оның барлығын кәсіби мамандармен дер кезінде қамтамасыз ету қиын. «Шыны керек, осы санаттағы тәртіп бұзушылықтардың сипаты алуан түрлі болып келеді. Оның негізгі себебі - қызметкерлердің заңнаманы (сыбайлас жемқорлық туралы - авт.) білмеуі, олардың қаржы жағынан сауатсыз болуы. Міне, дәл соның салдарынан құқық бұзушылықтардың басым бөлігі болып жатады. Мәселенің тағы бір жағы - бюджеттік жоспарлаудың дұрыс болмауы. Көбісі бас кезінде қаржыға тапсырыс беріп қояды да, жылдың соңында оның барлығын толығымен игере алмай жатады», - дейді Ә. Бимендина. Бұдан басқа, білім беру мекемелерінің қызметкерлерін жұмысқа алу, оларға сыйақы тағайындау және еңбекақы беру жағынан тәртіп бұзу оқиғалары жиі кездеседі.