А дәрумені болашақ балалардың иммунитетін нығайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - А дәрумені болашақ сәбилердің иммунитетін нығайтады. Бұндай пікірді голланд ғалымдары айтуда.
None
None

Зерттеу кезінде ғалымдар буаз егеуқұйрықтарды екі топқа бөлген. Олардың бір тобына А дәруменін берсе, екінші топтағы егеуқұйрықтар бұл дәруменді қабылдамаған.

Тәжірибе барысында А дәруменінің жетіспеушілігінен көздің көруі нашарлайтындығы, тері аурулары болатындығы және ағзаның түрлі ауруларға шалдыққыш болып келетіндігі анықталды, деп жазады росбалт.

Соңғы жаңалықтар