А. Дәулетияров «МУЗ-ТВ. Гравитация» шарасының арнайы қонағының есімін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «МУЗ-ТВ. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімінің ұйымдастырушысы Арман Дәулетияров шараға франциялық әнші Imany-дің қатыса алмайтынын жеткізді.
"Біз өзіміз Imany-дің сырқаттанып қалуына байланысты шараға келе алмайтынын бірнеше күн бұрын ғана білдік. Одан басқа барлық қонақтар келді, барлық билеттер сатылды», - деп атап өтті ол.
Брифинг барында Imany жазған бейнеролик көрсетілді, онда әнші шараға қатыса алмайтынына өкініш білдіріп, барлық қатысушыларға сәттілік тілеген.
Сондай-ақ, А. Дәулетияров шараның тағы бір арнайы қонағы - канадалық әнші Glenn Morrison-ды таныстырды.
Айта кетейік, "МУЗ-ТВ. Гравитация" шарасы бүгін "Астана Арена" стадионында өтеді. Өнер кешін Максим Галкин, Андрей Малахов, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева және Нұрлан Қоянбаевтар жүргізеді. Қазақстандық тағы бір жүргізушінің есімі әзірге құпия сақталып отыр.