А.Есімов Президентті Алматының спорттық нысандарының қысқы Азиада ойындарына дайындық барысы туралы хабардар етті
А. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовты қабылдады.
А.Есімов Президентті Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында қаланың спорттық нысандарының алдағы 2011 жылғы VII Азия ойындарына дайындық барысы туралы сөз болды.