«А-ға» оралу» фильмін алдымен Ауған соғысының ардагерлері тамашалайды

Аталған фильмнің жақын күндері Алматыда ресми таныстырылымы болады. Алайда түсіруші топ ресми таныстырылмынан бұрын фильмді ауған соғысы ардагерлеріне көрсетуді жөн көрген. Бұл әлеуметтік шара қала күнін мерекелеу аясында өкізілмек. Бастаманы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның HOMEBANK.kz интернет-банкинг жүйесі, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің үйлестіру кеңесі қолдаған.
Фильм көрсетілімінен соң продюсері Арман Әсенов, режиссер Егор Михалков-Кончаловский, актер Сейдолла Молдаханов пен әйгілі «қара майор» - «Қызыл жұлдыз», «Отан алдындағы қызметі үшін» ордендерінің иегері, 177-ші арнайы топтың командирі Борис Керімбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға белгілі актерлер Фархад Әбдірайымов пен Қарлығаш Мұхамаджанова да қатыспақ.
Әлеуметтік көрсетілім «Кинопарк-4 (ГЛОБУС)» кинотеатрында өтеді.