А гепатиті 70 пайыз тұрмыстық жағдайда жұғады - санитарлық дәрігер
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда былтыр А гепатитін жұқтырған адамдардың саны біршама көбейген.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, мегаполистің бас санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, А вирустық гепатитін жұқтырудың көрсеткіші өскен. 2024 барлығы 495 жағдай тіркелсе, 2023 жылы 370 жағдай болған.
- Вирустық гепатит А – бауырды зақымдайтын жедел вирусты ауру. А гепатитінде инкубациялық кезең 7 күннен 50 күнге дейін (орташа 35 күн) созылады. Ауру ересек тұрғындар арасында басым, оның үлесі – 74,3%, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 25,6%, жасөспірімдер арасында – 8,2%, - деді ол.
Алматының бас санитарлық дәрігері науқастардан алынған сауалнамаға сәйкес, инфекцияның негізгі таралу жолы тұрмыстық қарым-қатынас екенін атап өтті - 70,7% (350 жағдай). Одан бөлек 25,5% (126 жағдай) сапасыз жуылған көкөністер мен жемістерді тұтыну салдарынан және 3,8% (19 жағдай) ашық су қоймаларында, оның ішінде шетел мен қала сыртында шомылу кезінде жұғады.
- Бүгінгі күні А вирустық гепатитінің ең тиімді алдын-алу әдісі - вакцинация. А гепатитіне қарсы екпе жоспарлы түрде екі рет 2 жастағы балаларға және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша науқаспен қарым-қатынаста болған, бұрын жоспарлы түрде егілмеген 14 жасқа дейінгі балаларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Еске салайық, бұған дейін қызылша жұқтырған балалардың 83 пайызы екпе алмағанын жазғанбыз.