А.Гитлер режімімен байланысты нышанмен өнім шығарған P&G компаниясы тұтынушылардан кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Procter & Gamble компаниясы өз өнімдерінің біріне Адольф Гитлер режімімен байланысты нышанды пайдаланғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

А.Гитлер режімімен байланысты нышанмен өнім шығарған P&G компаниясы тұтынушылардан кешірім сұрады

Компания өндірген кір жуатын ұнтақ қорабының сыртында «88» саны таңбалаған футболка бейнеленген. Ал бұл санды ұлтшылдыққа шақыру кезінде ультра оңшылдар жиі қолданады. Сондықтан да Германия тұтынушылары дәл осы жайтқа наразылық танытып отыр.

Қазіргі уақытта Procter & Gamble компаниясы атаған нышанды ағаттықпен пайдаланғандықтарын айтып, кешірім сұрауда. «Егерде теріс түсінік туындаса және ультра оңшылдық идеологияны насихаттайтын болса біз барынша өкінішімізді білдіреміз», - деді компания өкілі Габи Хассиг.

Оның атап өтуінше, футболкадағы сан кір жуу ұнтағын қанша рет пайдалануға болатындығын көрсетеді. Сондай-ақ ол компания аталған өнімді және «18» саны бар ыдыс-аяқ жууға арналған сұйық сабынды нарыққа шығаруды тоқтатқандығын атап өткен. Айта кетерлігі, «18» санын да А.Гитлермен жиі байланыстырады.