А.Голубев пен М.Кукушкин «ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына ие болды

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы Ұлттық теннис орталығында қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Михаил Кукушкинге «ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді.

А.Голубев пен М.Кукушкин «ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына ие болды

«Осындай мәртебеге лайық деп танығаны үшін Туризм және спорт министрлігіне зор алғысымызды білдіреміз. Бұл атақ-құрмет бізді одан да жоғары жетістіктерімізге жетелейді деп білеміз. Біз Қазақстан теннисінің өсіп-өркендеуіне мүдделіміз», - дейді А.Голубев.

Іс-шара барысында Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов атап көрсеткендей, алдағы уақытта біздің спортшыларды Лондон олимпиадасы күтіп тұр. Оған дейін барынша дайындалу қажет.