A/H1N1 Қытайдағы тұмаудың ең көп таралған вирусы болып отыр
Үстіміздегі жылдың соңғы екі айында Қытайда A/H1N1 тұмауымен ауырудың 129 ауыр түрі тіркелді. Биылғы жылдың 8 ақпанына шаққандағы көрсеткіш бойынша A/H1N1 вирусынан 20 адам қайтыс болды.
A/H1N1 тұмауы бойынша Қытай ұлттық орталығының апталық есебінде көрсетілгендей, тұмаудың осы түрі 2010 жылдың аяқ кезінен бастап қарқын ала бастады. Осыған дейін A(H3N2) тұмауы вирусының штампы кең белең алған-ды.
Медицина мамандарының бағалауынша, Қытай тұмау маусымының аса қиын кезеңіне келді, және осы кезеңде A/H1N1 тұмауымен ауырудың аса қауіпті оқиғалары орын алады. Бірақ 2009 жылғы секілді пандемия болмайды.
Еске сала кетсек, 2009 жылы A/H1N1 тұмауы аса кең белең алып кетті, сол кезде құрлықты Қытай ауру туралы мамыр айында жар салды. Қытайда 2009 жылы A/H1N1 тұмауымен ауырудың 120 мыңнан астам оқиғасы тіркелді, оның ішінде 648-і адам өліміне алып келді.