А/H1N1 тұмауы вакцинасының тәжірибелік партиясы Иркутскіде жасалды
ИРКУТСК. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Иркутскіде А/H1N1 тұмауы вакцинасының тәжірибелік партиясы шығарылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
«Микроген» ғылыми-өндірістік бірлестігінің иркутскілік филиалы шығарған препарат клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерге жіберілді.
Кәсіпорын әкімшілігінің ақпаратына қарағанда, вакцина үлгілері сараптамадан өту үшін бірінші кезекте «Роспотребнадзордың» медициналық биологиялық препараттарды стандарттау және бақылау мәскеулік ғылыми-зерттеу институтына жеткізілетін болады.
Сарапшылардың оң қорытындыларын алғаннан кейін өндіруші иммундау үшін препараттарды жаппай шығаруды бастайды.