А/H1N1 тұмауы жалпы есеппен 2 миллиард адамға жұғады
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - А/H1N1 тұмауы ғаламшар бойынша жалпы есеппен 2 миллиардтай адамға жұғады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Ұйымның мәліметіне сүйенсек, вирустың салдарынан 816 адам қайтыс болған.
Хабарламада сондай-ақ, жаңа тұмаудың тез қарқынмен тарап жатқандығы, бірақ көбіне жеңіл түрде өтіп, көп адамдар инфекцияны төсек тартып жатпай-ақ өткізіп жатқаны айтылған.